Екінші индустриялық парк ашылады

Екінші индустриялық парк ашылады

Елордада екінші Индустриялық парк ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала активімен өткен кездесуде айтты деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысына арналған жиында   елордалық Индустриялық парктің аумағының 95 пайызы толғаны, ал жаңа өндірістер құру үшін екінші Индустриялық парк ашу жоспарланып жатқаны сөз болған.

«Бұрын енгізілген жобалардың жүктелуі бойынша әлі де сұрақтар бар, олардың кейбірі тоқтап қалған. Индустриялық паркте 49 жобаның ішінен 10 кәсіпорын мемлекеттік тапсырыс бойынша олардың түсуіне қарай жұмыс істейді. 2017-2018 жылдары енгізілген 12 жоба шамамен 10 пайыз жүктелді. Біз белсенді жұмыс істеуіміз керек қор бар», – деді Алтай Көлгінов.

Осыған байланысты жиында индустрияландырудың әрбір жобасы бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізу және жобалық қуатқа шығып, өндірісті қалпына келтірудің Жол картасын енгізу тапсырылды.