5 жел генераторы іске қосылады

5 жел генераторы іске қосылады

Облыс орталығына іргелес жатқан Краснояр селосында Nur Otan партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы жоғары технологияларды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті.

Жиынға Nur Otan партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қатысты. Комиссия мүшелері көшпелі отырыста Краснояр селосында салынып жатқан 5 жаңа жел электр стансасының жұмысымен танысты.

Қыркүйек айында ашылатын жел электростансаларының жұмысы жайлы облыстық Энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасының басшысы Иван Юрченко баяндады. Айта кетейік, мұндағы бір жел генераторының қуат­тылығы 0,75 мВт-ты құрайды.

– Жоба осыдан екі жыл бұрын қолға алын­ған болатын. Мұнда бес жел гене­ра­торы орналасқан. Облысымызда өндірі­ле­тін энергияның 38 пайызы жел энер­ге­тикасы арқылы алынады. Сондай-ақ об­лыс орталығында «Ветро Инвест Көк­шетау» жел электр стансасында (қуаты 3,75 МВт) жабдықтарды орнату және рет­теу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба осы жылдың төртінші тоқсанында жү­зеге асырылады, – дейді басқарма бас­шы­сы Иван Юрченко.

Жалпы, облыс бойынша осындай бес жо­ба іске асырылды. Атап айтсақ, бүгінгі таңда Аршалы ауданында облысымыздағы ең ірі жел генераторларының бірі – қуат­тылығы 50 мВт болатын жел стансасы орналасқан. Ерейментау ауданында қуат­тылығы 25 мВт-тық жел генераторы бар. Целиноград ауданында бірі – күннен қуат алатын, екіншісі желден қуат алатын стан­салар жұмыс істейді. Ал Красноярда са­лынып жатқан жел генераторларын биыл­ғы жылдың төртінші тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр.