Жұмыспен қамтуға көмектеспек

Жұмыспен қамтуға көмектеспек

Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдау мақсатында қалаға қарасты барлық елдімекендерде жеке қабылдау өткізді.

Бұл жолғы қабылдау арнайы кестеге сәйкес Сырдария аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде ұйым­дастырылды. Оған облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбаса­рымен қатар облыстық мәслихат депутаты Расул Есенов және облыстық партия филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Нұрлан Әбдікәрімов, сондай-ақ аудандық мәслихат хатшысы, ау­дандық мәслихаттағы Nur Otan партия­сы депу­таттық фракциясының жетекшісі, Тереңөзек кентінің әкімі қатысты.

Орталыққа келген 10 азамат жұмыс­сыздық, әлеуметтік қолдау, тұрғын үймен қамту, денсаулық сақтау саласына бай­ланысты мәселелер бойынша мамандар кеңесіне жүгініп, көкейіндегі сұрақтарына жауап алып, өздерінің де ұсыныс-тілегін жеткізді.

Мәселен, Жанат есімді азаматша бес баламен жалдамалы пәтерде тұратынын айтып, көмек сұрады. Ол өз кезегінде баспана мәселесі бойынша қандай да бір жеңілдік көрсетілсе деген өтінішін білдіріп, күйеуінің де жұмыссыз екенін тілге тиек етті.

Қабылдау барысында аудандық мәсли­хаттағы Nur Otan партиясы депу­тат­тық фрак­циясының жетекшісі Жұма­бек Ембер­генов көпбалалы ананың өті­нішін аяқсыз қалдырмай баспана мәселесі бойын­ша бұл іске жауапты ма­мандар түрлі жеңілдіктерді қарастыратынын айтып, бірінші кезекте жұмыспен қамтуға уәде етті.

Ал Тереңөзек кентінің тұрғыны 4 ба­ланың анасы Нәзира Жақсылықова күйеуі­нің жұмыссыз, екінші баласының мүгедек еке­нін және арнаулы әлеуметтік көмек ал­май жүргенін айтып шағымданды. Нази­раның өтініші де жерде қалмады. Партия мүшесі, облыстық мәслихат депу­таты Расул Есенов оның күйеуін 60 мың теңге айлық жалқысы бар жұмысқа орна­лас­тыратын болды. Сондай-ақ баспа­на­сын жөндеуге қаржылай көмек сұрап келген Күлістан Яссауиге қаржылай көмек көрсетті.

Тұрғындармен кездесуден соң, облыс­тық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова барлық мәселелердің жауапсыз қалмайтынын, әр жұмыс өзінің тікелей бақы­лауын­да болатынын жеткізді.