Нақты шешім қабылданды

Нақты шешім қабылданды

Алимент өндіру – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Бүгінде алимент төлеуден жалтарып жүрген жауапсыз әкелердің қатары жыл санап артып барады. Өкінішке қарай, Шымкент қаласында бұл әлеуметтік мәселенің көрсеткіші тым жоғары болып тұр. Nur Otan партиясының өкілдері бұл түйткілді мәселеге алаңдаулы.

Осы орайда, Шымкентте Nur Otan партиясы филиалы Әділет департа­ментімен, Жеке сот орындаушылар өңір­лік палатасымен бірлесіп меморан­думға қол қойды.

Меморандум аясында қалалық партия филиалында «Атқарушылық өндіріс барысында мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары­ның, заң­нама талаптарының сақталуы мәселелері» тақырыбында талқылау өткізілді. Мәжіліске төрағалық еткен Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Бахадыр Нарымбетов партия тарапынан халықтың қажеттіліктерін қанағат­тан­дыру бойынша бірқатар жұмыс атқа­рылып жатқанын атап өтті.

– Партия тұрақты түрде азамат­тармен кездесіп, олардың шағымдарын тыңдап, мәселелерді шешуге ықпал ету үшін тиісті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен байланыс орнатып келеді. Нәтижесінде, азаматтарды жиі ма­залайтын сұрақтар қатарында сот актілерінің орындалмауы көп екені анықталды. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар істерге – алимент, жалақы өндіру барысына баса назар аударған жөн, – дейді Бахадыр Мәдәліұлы.

Шарада қалалық Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Бақтияр Камалов, Шымкент қаласы прокуроры­ның аға көмекшісі Нұржан Төребаев, Шымкент қаласының Жеке сот орындау­шылары өңірлік пала­тасының басшысы Мадияр Әбдібай сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Партиялықтар тарапынан мемлеке­тімізде жалпы заңдылық талаптарының сақталуы бойынша ұсыныс-пікірлер ай­тылып, мәселенің шешілу жолдары тал­қыланды. Мәжіліс соңында осы бағытта бірлескен іс-шаралар өткізу жоспарға енгізіліп, нәтижелі жұмыс атқару жөнінде нақты шешімдер қабыл­данды.