Роналду карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

Роналду карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

Футболшы бес мәрте Чемпиондар лигасын жеңіп алған


Футболдан Португалия құрамасы мен туриндік «Ювентустің» шабуылшысы Криштиану Роналду қай кезде карьерасын аяқтайтынын айтты.

«Қазір бұл туралы ойламаймын. Мүмкін келесі жылы футболды доғаратын шығармын. Бірақ дәл қазіргі формаммен 40 жасқа дейін еркін доп тебе аламын. Білмеймін... Қазіргі ісімнен ләззат аламын. Мұны жалғастыра бергім келеді» дейді Роналду. Футболшының сөзін португалиялық TVI телеарнасы таратқан.

Роналду осыған дейін «Манчестер Юнайтед», «Реал» клубтары сапында ойнап, Чемпиондар лигасын бес мәрте жеңіп алған. Сондай-ақ Англия, Испания, Италия чемпионы деген атақтары бар.