14 тамызда қазақстандық альпинистер командасы Жеңіс шыңына шығады. Команда құрамында Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев, Александр Чечулин болған. Ауа райының бұзылуына байланысты топ хабарсыз кетеді. Соңғы рет олар 15 тамыз күні 6 600-6 900 метр биіктіктен байланысқа шыққан. 18 тамыз күні альпинистердің жақындары іздестіру жұмыстары үшін қоғамнан көмек сұрайды. Тянь-Шань тауы айналасында іздестіру жүреді. Қорғаныс министрлігі Қырғызстандағы іздестіру-құтқару операциясының қорытындысын хабарлады.
Әскери альпинистер тобы 19-22 тамыз аралығында Тянь-Шань жотасының Жеңіс шыңы ауданында өткізілген іздестіру-құтқару операциясынан оралды. Операция жетекшісі аға лейтенант Василий Пивцов, капитан Мақсұт Жұмаев пен майор Аманжол Рахметов 15 тамызда жоғалып кеткен альпинистерді іздестіру жұмыстарын жүргізді.
19 тамызда әскери альпинистер Қарқара базалық лагеріне келеді. Ауа райы қолайсыздық тудырғандықтан ұшып өте алмайды.
20 тамызда іздестіру жұмыстары басталады. 5 100-6 000 метр биіктікті 14 рет ұшып өтеді. Бөктерге барынша жақындау 70 метрді құрайды. Жылу визорларынан алынған ақпарат пен көзбен шолу нәтиже бермейді. Тірі адамдардың, мәйіт пен өзге де із жоқ.
Іздестіру жұмыстары үшін ауа райы қолайсыз болады. Толассыз жауын-шашын 1,5 метрдегі базалық лагерьге қауіп төндіреді. Сондай-ақ қар көшкіні қауіп-қатері артады. Жаяу топты жөнелту мүмкін болмады.
Сонымен бірге, 18 тамызда «Ақсай Тревел» (Қырғызстан) туристік компаниясының Ми-8 тікұшағы іздестіруге шықты. Іздестіру жұмыстары нәтиже берген жоқ. Тауда бірнеше қар көшкіні болды.
«Ветер странствий» журналы Facebook парақшасында Александр Чечулиннің қаза тапқанын мәлімдеді. Чечуллиннің өкпесі қабынғандықтан, 16 тамыз күні қайтыс болған. Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеевті іздеу жұмыстары тоқтатылды.
Айбике ЖАНАСЫЛ