Бұл ұсыныс бүгін Ақордада өткен Мемлекеттік комиссия отырысында айтылды.
Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин Мемкомиссияға Мемлекет басшысына үш бастамамен шығуды ұсынды. Олар: Семей қаласындағы әуежайға Абай есімін беру; Әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты Абай атындағы мемлекеттік сыйлық деп өзгерту; Қазақстанның елшіліктерінің базасында «Абай орталықтарын» құру.
Үкімет Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасын Мемлекеттік комиссияның қарауына 2019 жылдың 1 қазанына дейін енгізуі тиіс.
Еске салайық, бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы М.Тәжиннің төрағалығымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.