Оқу жылы қарсаңында елордалық жасотандықтар көп балалы және аз қамтылған отбасылары оқушыларына мектеп құралдарын сатып алуға сертификаттар табыс етті. «Jas Otan» Жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев аталған акция Қазақстанның барлық өңірлерінде өтіп жатқанын атап өтті.
«Мектепке жол» – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардағы, сонымен қатар ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды оқу жылына дайындау бойынша жыл сайын өтетін республикалық акция. Жасотандықтар осы акцияға жыл сайын белсенді қатысады. Қазіргі таңда акцияны біздің белсенділер Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында өткізіп жатыр. Бүгіннен бастап бізге басқа өңірлер де қосылады», – деді ол.Оқушылардың ата-аналары жасотандықтарға көңіл бөліп, қолдау көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді: «Nur Otan» партиясына және «Jas Otan» Жастар қанатына үнемі қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін. Төтенше жағдай кезінде бізге азық-түлік себеттері түрінде де көмек көрсетілді. Біздің белсенді жастарымызға тағы да алғыс айтқым келеді», – деді көпбалалы ана Нұрзия Құрбанова.