Баянауыл ұлттық табиғи паркінің аумағында өрт тұтанды.
Бұл туралы ең алдымен әлеуметтік желі қолданушылары хабарлады.Жексенбі күні басталған өрт уақыт өткен сайын үдеп, желдің күшеюімен ауқымын кеңейте берді. Инстаграмдағы ekibas_v_teme парақшасында өрттің қарқын алғаны соншалық, жақын маңдағы елді-мекендерге де жетіп қалғаны айтылуда.
«22 қыркүйек күні кешке Өскеменнен «Қазавиаорманқорғау» республикалық мекемесінен МИ-8 тікұшағы жетті. Ол өз жұмысына 23-і күні таңертең кіріседі. Сондай-ақ таңертең ауданға МИ-26 тікұшағы келетіні күтіледі», - деп мәлім етті Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов та 22-і қыркүйек күні түнде оқиға орнына жетті.