Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов пен оның жаттықтырушысын қабылдады.
Аймақ басшысы спортшыға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізіп, сәттілік тілеп, Ақтаудан екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.
Боксшының бірінші жаттықтырушысы Батырбек Жайлыбаевқа 3 миллион теңге көлемінде сертификат табысталды. Нұрдәулетовтің қазіргі жаттықтырушысы Марат Жақиев 5 миллион теңге көлемінде сертификатпен марапатталды.
Еске салсақ, Бекзат Нұрдәулетов Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алтын салған жалғыз спортшы. Қазылар алқасының ортақ шешімімен ол өзбекстандық Дильшодбек Рузметовты жеңді.