Кәсіп ашамын десең, Павлодарға кел!

Кәсіп ашамын десең, Павлодарға кел!

Nur Otan партиясының об­­лыстық филиалында «Ертіс» телеарнасымен бір­лесіп «Фрак­ция күні» жобасы басталды.

Партияның Павлодар облыс­тық филиалының төрағасы, облыс әкімі Болат Бақауовтың қатысуымен тікелей эфирде аза­­маттарды Nur Otan-ның пар­ла­менттік фракциясының мүшелері, банк пен мемлекеттік органдардың өкілдері қабыл­дады.

Көмек сұрап келген жергі­лікті тұрғындардың әлеуметтік, құқықтық мәселесі жан-жақты қаралды.

Мәселен, жүрек сырқатымен ауыратын Серік Алмас тегін дәрі алу мәселесін көтерді. Облыстың денсаулық сақтау саласына жауапты мамандары аймаққа дәрі-дәрмекті «СК-Фармация» компаниясы уақтылы жеткізіп отырғанын айтты. Жүрек дер­ті­мен ауыратын азаматтар үшін аймақта дәрі-дәрмек тапшы­лығы жоқ.

Ал мүмкіндігі шектеулі жан­дар­дың шипажайда ем алу мәсе­лесін қозғаған Ерлан Құрман­ғазин өтінішім жерде қалмайды деген үмітпен келген.

– Партия «Фракция күнінде» барлық мәселе оңтайлы шешімін табады деген ұсынысымды айтуға келдім. Мүгедек жандардың жыл сайын шипажайларда жүйе­лі ем алуына жеңілдіктер жа­сал­са деймін. Себебі тағ­дыр тәл­кегіне ұшыраған кей­бір заман­дас­тарымның денсау­лығын сақтау үшін жүйелі ем­делуге мүмкіндігі жоқ. Бәрі­не ортақ мәселені осы сала­ның ма­ман­дары шешкені жөн. Бізге жеңіл­діктің көмегі орасан зор. Партия біз­дің өтінішімізді мұқият тың­дады. Мәселе туындаса, құқық­тық көмек керек жағдайда тіке­лей партиялықтардың көме­гіне жүгінемін. Сондай-ақ жеңіл­дікпен баспаналы болу мәсе­лесін де айттым. Аймақта жа­салып жат­қан тұрғын үй бағдар­ламала­рының талаптарына сәйкес шешімін табатын болды, – деді Ерлан Құрманғазин.

Оңтүстіктен көшіп келген кәсіпкер Есбол Ерболұлы кә­сібін дамыту, ауқымын кеңейту жайында «Атамекеннің» ма­ман­­дарынан кеңес алды. Кәсіп ашамын деген азаматтар көбінесе, мемлекет тарапынан бері­летін гранттарды алу мен оның та­лап­тары жөнінде толық­қан­ды ақпараттан хабарсыз жүреді екен.

Өңірдегі кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы Жайық Хасановтың айтуынша, кәсіпкерлерді қол­дауға айрықша басымдық берілген.

– Павлодар облысы – кәсіп ашамын деген азаматтарға қо­лайлы аймақ. Мүмкіндік көп. Бәсеке өзге аймақтармен салыс­тырғанда аз. Сондықтан кәсіп ашамын, бизнесін дамытамын, өндіріс көлемін арттырамын деген азаматтарды қолдауға әзірміз. Көмек сұрап келген кә­сіп­керлерге нарықтың сұраны­сына сай жол көрсетеміз. Құқық­тық кеңес, гранттар алу, са­лық­тық жеңілдіктердің артық­шы­лығын жан-жақты түсіндіреміз, – деді Жайық Хасанов.

Әр саланың сан түрлі мәсе­лесін қамтыған «Фракция кү­нінде» облыс басшысы аймақ­тағы мәселелер ашық айтылған кезде ғана шешілетінін атап өтті.

– Облыс тұрғындарының өтініш, ұсыныстарын тыңдау үшін, проблемасын шешу үшін осын­дай тың бастаманы қолға алып отырмыз. Артықшылығы – ха­лық жергілікті атқарушы орган­дардың мамандарына, жауап­ты басшыларына мәселе­сін тікелей айтады. Баспана, облыс орталығынан шалғай ел­ді­мекендердегі ауызсу, жол мәсе­лесін шешу жайлы тұрғын­дар­­дың өтініші көп болды. Ауыл­­дар­дағы инфрақұрылымды жөндеу, жаңарту жұмыстары дер уақы­тында шеші­мін таба­ды. Кәсіп ашамын деген аза­­м­аттарға облыста барлық жағ­дай жасалған. Денсаулық сақ­тау, білім беру саласының мәселелерінде әрбір тұрғынның өтініші жеке-жеке қаралады. Жергілікті жауап­ты мекеме бас­шылары мәсе­ле шешімін тапқанша жіті қадаға­лауына алады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған мәселелер кезең-кезеңімен іске асып жа­тыр. Кез келген мәселенің заң шеңберінде жүйелі шешімі бар, – деді Болат Бақауов.

«Фракция күні» әр айдың соңғы жұмасында тұрақты өтіп тұрады.