ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов "Следующий властелин мира. Искусственный интеллект" атты кітап жазды.
Мәсімов кітап жазуға ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздері шабыт бергенін айтты.
«2018 жылдың қазанында Қазақстан халқына жасаған Жолдауында ол (Н.Назарбаев-ред) Қазақстанда жасанды интеллектті енгізу туралы көп айтқан еді», - деп жазылған кітаптың алғысөзінде.
Holanews таратқан ақпарға сәйкес кітапта Кәрім Мәсімов жасанды интеллектің дамуының негізі бағыттары, қазіргі ЖИ-ді күнделікті өмірде қолдану, бірқатар мемлекеттердігі ЖИ-дің ұлттық стратегиялық негізгі ерекшеліктері туралы сөз қозғайды.
Кітап әзірге тек электронды нұсқада жарық көрді. Баспадан жақында шығады екен. Бұған дейін Мәсімов өзінің әкесі туралы естелік кітап жазған болатын.