Үш күн бойы партиялықтар өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, модераторлардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды партияның елордалық филиалының баспасөз қызметі. Пікірталастардың тақырыбы елордамыздың тұрғындарын толғандыратын мәселелерге арналған. Осы түйткілді мәселелердің барлығы партия өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындаған қаланы дамытудың басым бағыттарының негізіне айналды. Экология, ШОБ дамыту, қоғамдық қауіпсіздік, газдандыру, үлестік құрылыс – бұл елорданың ТОП-10 толғандыратын мәселелерінің толық тізімі емес.
Пікірсайыстың үш күнінде «Алматы» ауданынан қатысушылар бірқатар қызықты идеяларды ұсынды. Мәселен, Мұхаммед Болысбек – Халықты әлеуметтік қорғау мәселесін талқылаған пікірталаста елорданың тұрғын үй алаптарында жастарды қолдау орталықтарын ұйымдастыру туралы ойымен бөлісті. Оның айтуынша, орталықта өскелең ұрпақ үшін барлық қызмет түрлері - ХҚКО, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, медиация бөлімдері және т.б. ұсынылады. Сонымен қатар, үгіт-насихат кезінде Мұхамед «Жастардың қажеттіліктері» тақырыбында әлеуметтік зерттеу жүргізді, нәтижесінде орта және жоғары оқу орындарының түлектерінің көпшілігі тәжірибесі жоқ болғандықтан жұмыс таба алмайтындығы анықталды.«Партияның елордалық филиалының сайлауалды бағдарламасының басты мақсаты - ең алдымен халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсарту үшін жағдай жасау. Қаламыздың дамуы «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» жоспарына сәйкес жүргізіледі. Пікірталас барысында қатысушылар осы проблемалық мәселелерді шешудің жолдарын ұсынып, елордадағы өмірді жақсарту бойынша өз идеяларын енгізуде», – деп атап өтті «Nur Otan» партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов.
Елордада ашық пікірталас 2020 жылдың 29 қыркүйегіне дейін жексенбіден басқа күндері, күн сайын өтеді. Барлығы 9-10 адамнан 42 топ құрылды.«14 қыркүйекте басталған үгіт-насихат және ашық пікірталас барысында елорданың ұйымдастыру комитеті айтарлықтай бұзушылықтарды анықтаған жоқ. Егер праймеризге қатысушы қателіктер жіберсе, партиялық бақылау комиссиясы жедел түсініктеме береді немесе ескерту жасайды. Пікірсайысты өткізіп алған қатысушыларда бар, мысалы, «Алматы» ауданынан 13 қатысушы пікірсайысқа түскен жоқ. Қазіргі уақытта ПБК мүшелері олардың қатыспау себебін анықтауда. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша оларға қатысты шешім қабылданады», – деді «Nur Otan» партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов.