Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Instagram-дағы жеке парақшасында хабарлады.
«Археология әлемінен тарихи жаңалық жетті. Ш.Уәлиханов ауданында археологтар XIV ғасырдағы жеті кесененің қирандыларын тапты. Ғалымдардың айтуынша, Алтын Орданың қабірлері Жошан хан әулетінің өкілдеріне жатады. Алтын зергерлік бұйымдар, шеберханалардың қалдықтары, пештер мен қыш ыдыстар, арықтардың сорабы табылды»,– деп жазды аймақ басшысы.Құмар Ақсақаловтың айтуынша, Алтын Орданың 750 жылдығы қарсаңында ғалымдар жүргізген шараның рухани және мәдени маңызы зор. Бұл жаңалық атақты академик Әлкей Марғұланның Солтүстік Қазақстан аумағында ежелгі дәуірде ортағасырлық қалалық мәдениет ескерткіштерінің болуы туралы жорамалын растайды.
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ мен Ә.Марғұлан орталығының археологиялық экспедициясы елдің ортағасырлық тарихын зерттеуге өлшеусіз үлес қосты. Археологиялық ашылуды әлем ғылымына танымал еліміздің жетекші археологтары жариялаған. Мәселен, Тимур Смағұлов – Үржар ханшайымының әлемге әйгілі артефактісін ашқан ортағасырлық ғалым, маман. Сондай-ақ, солтүстікқазақстандық профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Анатолий Плешаков – Ботай мәдениетін ашушылардың бірі.