Күдікті есігі дұрыс жабылмаған полиция көлігінен түсіп, қашып кеткен

Күдікті есігі дұрыс жабылмаған полиция көлігінен түсіп, қашып кеткен

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде таралған видеоға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Бейнежазбада ер адамның полиция көлігінің артқы есігінен жерге түсіп, кетіп бара жатқаны анық көрінеді.

«Оқиға 2020 жылғы 19 қыркүйекте Карбышев және Жауынгер-интернационалистер көшелерінің қиылысында болған. Патруль полиция қызметкерлері ұсақ бұзақылық үшін ұсталған ер адамды медициналық айықтырғышқа алып келе жатқан. Патруль машинасы тоқтаған кезде, күдікті көліктен шығып кеткен. Алайда, ол бірден ұсталып, медициналық айықтырғышқа жеткізілді» делінген полицияның мәлімдемесінде.

Жергілікті полиция қызметі қызметтік тергеу жүргізді.   https://www.instagram.com/p/CFcIz4jhzir/?utm_source=ig_web_copy_link Патруль көлігінің есігін дұрыс жаппаған полицейлер тәртіптік жауапқа тартылды.