Тектілердің тереңі еді

Тектілердің тереңі еді

Түн ішінде мезгілсіз со­ғыл­ған қоңырау сонау Аман­­келдіден қайғылы хабар жет­­кізді. Жанымдай жақсы көре­тін жалы биік, жаны жай­саң жақсы інім, талантты шәкіртім Хамитбек дүниеден озыпты.

Алашшыл ақын Хамитбек Мұсабаевпен қоштасу

Өмір мен өлімнің арасы тым жақын екенін тағы бір мәрте еске салған Арқаның сақылдаған сары аязында сұмдық сөзден дене мұздап , жүрек сыздап сала берді... Адамзаттың дұшпаны арсыз ажал­да аяушылық жоқ, бұ жолы да ол өзінің тойымсыздығын, қас­қыр­дан бетер қатігездігін тағы көрсетті. Жан бесіктен жер бесік­ке бармайтын тірі жан жоқ, де­сек­ те, сұм ажал бүкіл зиялы қауым­ның, Хамитбектей туысы бөлек таланттың есімі мен еңбегін білетін ха­л­ықтың қабырғасына қатты ба­тып тұр: Хамитбек бір қазақтың ғана емес, бар қазақтың ортақ перзенті еді.

Хамитбек ғасыр дертімен ұзақ ауырды. Қостанай мен Нұр-Сұлтан калаларының дәрігерлері де аянып қалған жоқ.

Амал не, адамзаттың дұшпаны – ар­сыз ажал алып тынды.

Қош, қоштасуға қимайтын Хамит­бек бауырым, жаның жән­нат­та болсын!

 

Сәбит ДОСАНОВ,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты