Бірнеше аймақта күн күрт суытып, үсік жүреді

Бірнеше аймақта күн күрт суытып, үсік жүреді

Кей жерлерде жауын жауып, тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Қызылорда облысында жел күшейіп, түнде кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен, күндіз басым бөлігінде 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Солтүстік, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-25 м/с жылдамдықпен ұйытқиды. Түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі. Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлеріне де тұман түседі. Ақмола облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз Атырау, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды. Түркістан облысында шаңды дауыл тұрады. Қызылорда облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.