Түркияда туннельдегі жарылыстан 11 адам қайтыс болды  

Түркияда туннельдегі жарылыстан 11 адам қайтыс болды  

«Анадолы» агенттігінің мәліметінше, туннельдегі жарылысқа газдың жиналуы себеп болған. 

Шығыс Анатолия мен Қара теңіздің шығыс бөлігін байланыстыратын Эрзурум – Байбурт жолындағы тауда туннелде жиналған газ жарылған. Жарылыстан зардап шеккендер ауруханаларға жеткізіліп жатыр. Байбурт қаласының губернаторы Кюнейт Эпджим оқиға орнына барды. Ол апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.