Екі апта ішінде 400-ге жуық елордалық өздерінің сайлауалды бағдарламасын ұсынды.
Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов талқылаған өзекті проблемаларды айтып өтті.Ал праймеризге қатысушы Тоқтар Болысов бизнесті дамыту, кәсіпкерлерді қолдау проблемасын талқылады.«Пікірсайысқа қатысқандар жастар, қоғамдық көлік, қаладағы кәріз жүйесінің проблемаларын айтты. Танымал суретшілер, спортшылар, дәрігерлер, мұғалімдер қоғамдағы өзекті проблемалдарды талқылады. Мәселелерді шешудің нақты жолдарын ұсынды», – деді Ерлан Каналимов.
Айта кетейік, кандидаттарға 1-3 қазан аралығында дауыс беру кезеңі өтеді.«Кәсіпкерлікті дамыту үшін стартап жобалар туралы жиі айтамыз. Қазақстан жастарының конгресінде қолжетімділік үшін біз алғашқы Венчурлық қорды аштық. Бұл, ең алдымен, аймақтарды дамыту, инсвесторларды өндіріске тарту, халықаралық аренаға шығу үшін аса қажет», – деді Тоқтар Болысов.
Primaries.kz сайты, мобильді қосымша арқылы және сайлау учаскелерінде онлайн дауыс беруге болады.