Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожанов экс-министр Қуандық Бишімбаевтың мерзімінен бұрын қамаудан босатылғанына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.
«Сот отырысы өтті. Жоғары сот бұған қатысты анықтама берді. Мен Жоғарғы соттың шешіміне түсінік бере алмаймын, мұнда бәрі заңмен жасалды, қандай нормативтік актілер қолданылғанына қатысты егжей-тегжейлі түсіндірмелер берілді. Ол (Бишімбаев - ред) жаза шараларын жеңілдетуге қатысты өтініш беруге құқылы. Ол өтініш берді, сот барлық жағдайларды ескерді», деген Қожанов 4 жыл 8 айға дейін Бішімбаевтың жазасының қысқарғанын айтты. «Жоғары соттың анықтамасында жазылған: 4 жыл 8 айдан ол үштен екісін өтеді, енді бір жылдан артық уақыт қалды. Меніңше бір жыл үш ай. Осы бір жыл үй ай жеңіл жазаға – айыппұлға ауысты» деді ІІМ өкілі.
Оның айтуынша Бішімбаев пробация қызметінің бақылауында болады. Ол өз кінәсін мойындады ма деген сұраққа Қожанов «Иә» деп жауап берді.
«Салмақ салатындай жағдай жоқ, Жоғары сот бұл туралы атап айтты» деген Қожанов Бишімбаевтың бар қарыздарын өтегенін алға тартты.