Ресейдегі Карпинск қаласында 37 жастағы әйел жаңа туған баласын жарты жыл бойы шкафта тығып ұстаған, деп жазады e1.ru.
Әйел жүктілігі кезінде ешқайда есепте тұрмаған, ауруханаға да бармаған. Үй жағдайында босанған ол құрбыларына бала өліп қалғанын айтқан. Күдіктінің 13 жасар ұлы мен үш жасар қызы бар екен.«Ұл бала үндемей жүрген, қыз бала балабақшада "тірі, Полина есімді" қуыршағы бар екенін айтып жұрген. Алайда оған ешкім назар аудармаған, қыз кішкентай, қиялдап жүр деп ойлаған», —дейді таныс әйел Ирина.
Шкафтағы қыз баланы әйелге қонаққа келген құрбылары тауып алған. Олар сәбиді үйлеріне алып кетіп, келесі күн полицейлер мен жедел жәрдем көлігін шақырған. Қазір бала ауруханада ауыр халде жатыр, анасы жындыханада отыр.
Көршілерінің айтуынша, әйел өзін дұрыс ұстаған, жұмыс істеген. Балаларды жалғыз өзі тәрбиелеген, балалардың үстіндегі киімі таза болған. Үшінші баласына неге бұлай қарағанын ешкім білмейді. Олардың пікірінше, ол қызын аштан өлтірмек болған, алайда үлкен ұлы оны жасырынып тамақтандырып жүрген.Осы факті бойынша полицейлер РФ ҚК 156 бабы "Кәмелет жасына толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндетін орындамау" ісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында әйелдің өз баласын өлтіріп, тоңазытқышқа салып қойғанын жазған болатынбыз. https://static.ngs.ru/news/2020/videos/3513e9146f90ca900652a28b417d4282_480p.mp4«Үйде босанған секілді. ІІМ-ге қоңырау түскен соң аумақтық ІІБ қызметкерлері әйелдің тұратын жеріне барып, әлсіреп қалған баланы тауып алды. Жергілікті ауруханаға бала дереу жеткізілді, дәрігерлер қазір баланы аман алып қалу үшін қолдан келген амалдарын істеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, балада үшінші деңгейдегі гипотрофия, басқа да аурулар анықталды», —деді Свердловск облысы ІІМ ҚБ ресми өкілі Валерий Горелых.