Алмазбек Атамбаевтың ұсталған сәті түсірілген видео пайда болды

Алмазбек Атамбаевтың ұсталған сәті түсірілген видео пайда болды

Желіде Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау сәтіндегі видео пайда болды.

Алмазбек Атамбаев Бішкектегі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру дерегі бойынша қылмыстық іс аясында ұсталған. Экс-президентпен бірге жақтастары, бұрынғы күзетшілері Дамир Мұсакеев пен Қанат Сағынбаев та ұсталды. Еске сала кетейік, Алмазбек Атамбаевқа Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылған. 2019 жылдың 7-8 тамызында Қой-Таштағы жағдайлар бойынша және Азиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысты сот процесі жүріп жатыр. Ол 6 қазанға қараған түні тергеу изоляторынан шықты. https://www.instagram.com/p/CGLUUE_nyk2/