Өрт сөндіруші бутиктен тауып алған қомақты қаражатты иесіне қайтарды

Өрт сөндіруші бутиктен тауып алған қомақты қаражатты иесіне қайтарды

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ақша қорапта жатқан.

«Арай» сауда үйіндегі өртті жойғаннан кейін барлау кезінде өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкері, азаматтық қорғау подполковнигі Бауыржан Жанғузин екінші қабаттағы бутиктердің бірінен ірі соманы тапты», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Өртенген сауда үйінде елуден астам кәсіпкер үй-жайларды жалға алған. Жалға алушылардың әрқайсысы миллиондап шығынға батты. «Арай» сауда үйінде 12 қазанға қараған түні өрт болды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер төрт қабатты кірпіш ғимараттың жанып жатқанын байқаған.
«Бутик иесіне бірден ақша таптым деп айтпадым. Оның шынымен иесі екеніне көз жеткізу үшін  қанша ақша тапқанын сұрадым. Бәрі сәйкес болғаннан кейін, ақшаны алды. Қатты қуанды, маған алғысын білдірді. Мұны ерлік деп санамаймын, әр азаматтың адамгершілік қасиеттері болуы керек. Бұл қалыпты жағдай», – деді Жанғузин.