Мәскеуде өз баласын шұлыққа асып өлтірген ағылшын тілінің мұғалімі қамауға алынды, деп хабарлады РЕН ТВ.
Сотта түсірілген бейнежазбадан маска киіп отырған көпбалалы ананың қандай күйде екенін аңғару қиын, сыртынан қарағанда тыныш күйде секілді. Бірнеше күн бұрын серуеннен келген күйеуі оның қылмысының үстінен түсті. Қыздарымен бірге келген әке асылып қалған баласының қасында отырған жерінен жұбайын тапты.«Тергеу кезінде әйел қылмысын мойындаған. Алайда баласын не үшін өлтіргенін түсіндіре алмаған. Айыпталушыға кешенді психологиялық-психиатриялық сараптама жасалды. Енді оның есі дұрыс-дұрыс еместігі анықталатын болады», — деді Мәскеу облысы бойынша РТК БТБ басшысының аға кеңесшісі Ольга Врадий.
Кейін белгілі болғандай, әйелдің өзін ұстай алмайтыны анықталды. Ол балаларға пышақ ұстап жүгірген. Әйел бірнеше рет ауруханаға жатқызылып, шизофрениядан емделген. Алайда неге екені белгісіз оны есептен шығарған.
Содан кейін мектепке жұмысқа орналасып, күнде балаларға сабақ берген. Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейде 37 жастағы әйел жаңа туған баласын жарты жыл бойы шкафта тығып ұстағанын жазан болатынбыз. Сондай-ақ Алматы облысында әйелдің өз баласын өлтіріп, тоңазытқышқа салып қойғанын жазған болатынбыз.