Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы оның баспасөз қызметі хабарлады. «Мен билікке қызықпаймын. Қырғызстан тарихында қан төгіп, азаматтарына оқ атқан президент ретінде қалғым келмейді», - деді ол.