Тойдан соң бірнеше күннен кейін қатерлі ісіктен кайтыс болған Автралия тұрғыны Эшли Симрадждың әкесі қызының тойдағы бейнежазбасын көрсетті, - деп жазады Daily Mail.
Әкесінің айтуынша, аурудан емделген қызына әлемнің түкпір-түкпірінен - Ресей, ОАР, АҚШ, Португалия және басқа да елдердегі адамдардан қолдау білдірген хат келген.
"Бұл жеке видео. Біздің отбасымыз қолдау білдірген адамдардың барлығының қолдауын сезінді және біз осылай оларға алғыс білдірген дұрыс деп шештік", – деді ер адам.
Қыздың әкесінің айтуынша, үш жыл бұрын 20 жастағы қызының аяғынан ісік тапқан. Алайда дәрігерлер оның не екенін түсіндіріп бере алмаған. Мамандар тиісті тексеру жүргізбеген. Тек бір жыл өткен соң одан қан аға бастағанда Эшли басқа дәрігерге қаралған. Нәтижесінде қыздан меланома анықталды.
Осы уақыт ішінде қатерлі ісік бүкіл ағзаға таралып, маңызды ағзаларды зақымдаған. Емдеу шаралары қызды аман алып қала алмады. Дәрігерлер оған бірнеше күндік қана уақыты қалғанын айтқанда ол сүйген жігітіне тұрмысқа шығып, тойды ойдағыдай өткізді.
Тойдан кейін қызды ауруханаға апарды, кейін ол соңғы күндерін отбасымен өткізу үшін үйіне қайтып оралды. Бірнеше күннен соң Эшли қайтыс болды.
Симрадждар отбасы қызға қате диагноз қойған дәрігерлерді сотқа берді.