Қазақстанда Артем көп пе, Әлихан көп пе?

Қазақстанда Артем көп пе, Әлихан көп пе?

Қазақ халқы балаға есім беруге ерекше назар аударады. Бұл сонау ықылым заманнан келе жатқан үрдіс.

Осы орайда жаңа заманда қойылатын есімдер қандай деген сауал туындайды.  Бұл сауалдың жауабы "Азаттық рухы" порталының арнайы сараптамасында жазылған. 

2018 жылы Қазақстанда ең көп қойылған есімдер қатарында Әлихан көш бастап тұр. Ұл балаға Әлихан есімін беруде республика бойынша 8 аймақ алға шыққан. Олар: Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар, ШҚО, Алматы облыстарында және Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары. Сондай-ақ Артем есімін берушілер де баршылық. Мәселен 2018-де Артем есімін 1063 балақай иелеген. Көбіне бұл есімді Қостанай, СҚО, Қарағанды, Ақмола облысының тұрғындары қояды екен.

Ал қыз балалардың ішінде ең көп қойылғаны – Айзере. Бұл есім Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Маңғыстау, Атырау өңірлерінде жиі қойылады екен.