Алматы маңында жер сілкінді

Алматы маңында жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 16 қазан күні Алматы уақытымен 16 сағат 10 минут 57 секундта жер сілкінісін тіркеді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 796 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 12. MPV магнитудасы – 5,5. Тереңдігі – 5 шақырым. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.