Елордада интернет арқылы жүргізуші куәлігін жасаған алаяқ ұсталды

Елордада интернет арқылы жүргізуші куәлігін жасаған алаяқ ұсталды

Нұр-Сұлтанда полицейлер интернет арқылы жүргізуші куәлігін жасау туралы хабарландыру жариялаған алаяқты қолға түсірді. Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында осы туралы айтылды. Тəртіп сақшылары оның үйінен мөр, 75 сим-карта, тағы да басқа заттарды тапты. 40 жастағы ер адам азаматтарға жеке куәлігін көрсетіп, сеніміне ие болған. Алайда тексеріс кезінде құжаттың бұрын алаяқтың құрығына түскен бөтен адамға тиесілі екені анықталды. Қызметінің ақысын электрондық әмиянға аударуды сұраған. Төлем жасалғаннан кейін байланысқа шықпаған. Алаяқ жыл басынан осындай жолмен алты азаматты алдаған. Жәбірленушілердің саны бұдан да көп болуы мүмкін. Қазір ер адам тергеу изоляторына қамалды. ҚР ҚК 190-бабы (Ақпараттық жүйені қолданушыға қатысты алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.