Аида Балаева қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

Аида Балаева қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

Осыған орай Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды мерекемен құттықтады. «Қазақстан халқының алуан түрлі рухани мәдениеті азаматтарымыздың арасындағы бірлік пен өзара түсіністікті нығайтуға негіз болғаны белгілі. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап-ақ мемлекет экономикалық және саяси дамумен қатар конфессияаралық әрі этносаралық келісім саясатын ілгерлетуге арналған бағдарды жария еткен еді. Қазақстан халқының рухани мәдени құндылықтарын түсіне отырып, 18 қазан Рухани келісім күні деп жарияланды. Осынау атаулы күнде мықты денсаулық, бақыт, жақсылық пен байлық тілегім келеді»», –  деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.