Францияда Мұхаммед пайғамбардың карикатурасымен лекция оқыған тарих пәні оқытушысының басын шапты, деп жазады Le Monde.
Парижден 27 шақырымдағы Конфлан-Сент-Онорин қаласында жергілікті колледжде тарих пәнінің оқытушысының басын алып тастады.Le Figaro және Actu17 хабарлағандай, сабақта ол студенттерге Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткен. Le Monde сабақта адамның бостандығы туралы сөз болған деп жазады.
Франция президенті Эммануэль Макрон өлімді «ислам терактісі» деп атады. Шабуыл жасаған адамға оқ атылан. Le Figaro ол студенттердің бірінің туысы болуы мүмкін деп болжады. Actu17 және Le Parisien басылымдарының мәліметінше, күдікті 18 жастағы шешен. Baza жазғандай, Франциядағы Ресей елшілігі қылмыскердің Мәскеуде туғанын, жасы 18-де екенін хабарлады.Шабуыл жасаған қылмыскер басы шабылған оқытушының суретін Твиттер-ге жүктеп, «Макрон, жолдан тайғандардың әміршісі, мен Мұхаммедті мазақ еткен сенің иттеріңнің бірін жазаладым» деп жазған, деп хабарлады Actu17. Le Figaro жазғандай, өзіне оқ атылмас бұрын ол «Аллаху Акбар!» деп айқайлаған.