Мәскеуде 29 жастағы әйел 1 жасар баласын жерасты өткелінде қаңғыбасқа қалдырып кеткен. Бұл туралы қалалық прокуратура баспасөз қызметінің жетекшісі Людмила Нефедова хабарлады, деп жазады ТАСС.
Баланың жоғалғаны туралы әкесі жағынан әпкесі хабарлаған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері баланы қаңғыбас еркектердің қасынан тапты.
«Комсомольской правданың» жазуынша, әйел баланы арбамен алып келіп, ұйықтап жатқан қаңғыбас еркектің қасына тастап кеткен. Ол баланың қасында бір тәулік болған, бірақ полицияға хабарламаған. Әйел ұсталды, ол өзінің қылығын баланы асырай алмағанымен түсіндірген.
Бала Г.Н. Сперанский атындағы балалар ауруханасына жеткізілді. Прокуратура әйелді ана құқығынан ауыру туралы қалалық сотқа шағым түсірді.