NASA кеше ғарыштан оралғандардың Қазақстан жеріне қонған сәтінен фотолар жариялады

NASA кеше ғарыштан оралғандардың Қазақстан жеріне қонған сәтінен фотолар жариялады

Ғарышта зерттеу жүргізген ғарышкерлер Жерге оралды.

NASA және «Роскомостың» ғарышкерлері Крис Кэссиди, Иван Вагнер мен Анатолий Иванишин ғарыштағы зерттеу жұмыстарын 21 қазанда аяқтаған болатын. «Союз МС-16» басқарылатын ғарыш кемесінің жерге қонушы аппараты Жезқазған қаласының оңтүстік-шығысына қарай далаға қонды. «Роскосмостың» хабарлауынша, ғарышкерлер пандемияға байланысты қошемет көрсетілмеді. Ресейдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстаннан тездетіп өз елдеріне қайтарылды.

«Роскосмос» ғарышкерлері Иван Вагнер, Анатолий Иванишин және NASA астронавты Крис Кэссиди бар «Союз МС-16» басқарылатын ғарыш кемесінің аппараты қазақ даласына қонды. Олардың ұшу ұзақтығы 196 тәулікті құрады. Экипаж жұмысы барысында ресейлік ғылыми бағдарлама (медицина, ғарыштық биология, биотехнология, физика-химиялық процестер және т. б.) бойынша ғылымның түрлі салаларынан ондаған эксперименттер жүргізілді», – деп хабарлады «Роскосмос».

  2020 жылғы 22 қазанда Нұр-Cұлтан уақыты бойынша сағат 05:32-де Халықаралық ғарыш станциясында түйіскен «Союз МС-16» басқарылатын көлік кемесі экипажының мүшелері 08:54:12-де жерге аман-есен оралды.

Жерге жақын орбитадан түсу және қону бойынша барлық операциялар штаттық режимде өтті. «Роскосмос» ғарышкерлер Анатолий Иванишин, Иван Вагнер мен NASA астронавты Кристофер Кэссидидің денсаулығы жақсы екенін хабарлады.

Фотолар: NASA ғарыш агенттінің Instagram-дағы парақшасынан алынды.   https://youtu.be/tMe5KXOmN0E