Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін үй иесінің қызы – 16 жастағы жасөспірім 2 сіңлісі мен 1 бауырын терезеден шығарып алған.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.Оның айтуынша, оқиға орында өрт сөндірушілер өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізді.«Ерекше атап өтетін жайт, өрт-сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін жеке тұрғын үйдің терезесінен үй иесінің қызы – 2004 жылы туған жасөспірім өзінен кіші 2 сіңілісі мен 1 бауырын терезеден өзі шығарып алған. Өртсөндірушілер екі пәтерлі үйдің екінші бөлігін өрттен сақтап қалды. Алдын ала болжам бойынша өрт электр жабдығын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмағандығынан шыққан болуы мүмкін. Өрт сағат 03.56-да оқшауланып, сағат 04.29-да толықтай сөндірілді», – дейді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.