Измир провинциясында 6,6 балдық жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Аnadolu агенттігі Зілзала эпицентрі Эгей теңізіндегі Сеферхисар ауданының жағалауы Түркияның ішкі істер министрлігі Измир қаласындағы Борнова мен Байраклы аудандарындағы жер сілкінісі салдарынан алты тұрғын үй қирады деп хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, Измирдегі жер сілкінісінен 4 адам қаза тауып, 152 адам зардап шеккен. Үйінді астынан 70 тұрғын құтқарылды. Измирде жұмыс жүргізуге 3 миллион Түрік лирасы бөлінді. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Измирдегі жер сілкінісінен зардап шеккен отандастарына көңіл айтты.