Измирдегі жер сілкінісі құрбандарының саны күрт өсті

Измирдегі жер сілкінісі құрбандарының саны күрт өсті

Измирдегі жер сілкінісі құрбандарының саны 25-ке жетті, Түркияның батысындағы 804 тұрғын зардап шекті. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) хабарлады. AFAD мәліметтері бойынша, күшті жер сілкінісінен кейін (магнитудасы 6.6) 341 әлсіз соққы болды, күші 4 балдан асады.

"Измир қаласында 743 тұрғын зардап шекті, бесеуі Маниса провинциясында, екеуі Балыкесирде және Айдын провинциясында 54 адам, барлығы 804 адам", – деп хабарлады AFAD.
Қираған 17 тұрғын үйдің сегізінде іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Түркияның батысында жұма күні жергілікті уақыт бойынша 14.51-де 6,6 баллдық жер сілкінісі болды деп жазады АА.com. Жер сілкінісінің эпицентрі Эгей теңізінде Измир провинциясының Сеферхисар ауданының жағалауында болған. Жер сілкінісінің ошағы 16,5 км тереңдікте орналасқан.

Фото: AA.com