Қытайдағы Чунцин қаласында көшелердің бірінде аспаннан ақша жауып, көшеде кетіп бара жатқандар олжаға кенелді, деп жазады dailymail.co.uk.
Оқиға 17 қазанда болды. Ақшаны көпқабатты үйдің 30-қабатында тұратын ер адам шашқан. Асфальтқа түскен ақшаны тұрғындар жинап алған.
Бұл жағдай полицияның назарынан тыс қалмады. Жомар азамат бірден табылды. Шамамен 1 млн 300 мың теңгеге жуық қаражатты (23000 фунт стерлинг) 29 жастағы Ке есімді азамат есірткі шеккен соң шашып жіберген. "Ақкөңіл" азамат қамауға алынды. Қаражатты ер адамның анасы үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жинаған екен. https://www.youtube.com/watch?v=iIdE77ZvbBE&feature=emb_logo