Швейцарияда алғаш рет бір тәулікте 10 мың адамның коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24». Осыған дейін елдің бірқатар өңірінде төтенше жағдай жарияланған болатын. Сондай-ақ жабық бөлмелермен қатар көшеде де маска тағу міндеттелді. Мейрамханалар мен барлар сағат кешкі 23:00-ге дейін істейтін болды. Сондай-ақ 50 адамнан көп қатысатын шаралар өткізуге тыйым салынды. 8,5 млн-дай халқы бар Швейцарияда 200 мың адам коронавирус жұқтырған.