Миланда қаруланған 4 қылмыскер жергілікті банктердің бірін тонады, - деп жазады euronews.com.
Олар ғимаратқа сейсенбіде таңертең басып кірген: екеуі негізгі есіктен, қалған екеуі ғимаратқа жертөле арқылы енген. Олардың қанша қаражатты қолды қылғаны беймәлім.Қылмыс кезінде банктің ішінде банк директоры мен тағы екі қызметкер болыпты. Полицейлер оқиға орнына 10 минутта жеткенімен ұрылар іздерін суытып үлгірген. Болжам бойынша олар кәріз құдығы немесе туннель арқылы қашқан. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.