Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүкіл әлем бойынша ел үкіметтерін жаңа пандемияға дайындалуға шақырды. Тиісті хабарламада ДДСҰ сайтында жарияланған.
"Биыл біз біз инфрақұрылымы мықты елдердің төтенше жағдайға дайындық тұрғысынан алғанда SARC-CoV-2 вирусының таралуын бақылау және ұстап тұру кезінде жылдам әрекет ете алғанын көрдік", — делінген хабарламада.
ДДСҰ мәліметінше, бүкіл әлемде 48,1 миллионнан астам адам коронавирусқа шалдыққан. Пандемия салдарынан 1,23 миллион адам қайтыс болды.