Вакцина салдырған дәрігерлерден коронавирус анықталды

Вакцина салдырған дәрігерлерден коронавирус анықталды

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Алтай өлкесінде коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын салдырған 42 дәрігердің үшеуі коронавирусқа шалдыққан.

Ауруға шалдыққан дәрігерлердің вирусқа қарсы иммунитеті коронавирусқа шалдыққан кезде қалыптаспаған болуы да мүмкін. Вакцинаны дайындағандар адам бірінші екпені салдырғаннан кейін үш апта өткен соң екіншісін салдыру керек екенін айтады. Адам  ағзасында екінші вакцинаны салдырған соң, үш апта өткеннен кейін вирусқа қарсы иммунитет қалыптасуы мүмкін.

Ал әзірге ғалымдар вакцинаның пайдасы бар-жоғын зерттеп жатыр.