Көпір үстіндегі жол апатынан екі адам зардап шекті

Көпір үстіндегі жол апатынан екі адам зардап шекті

Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға 11 қараша күні Теректі ауданы Подстепный ауылы бағытындағы көпір үстінде болды.

Жедел жәрдем сағат 08.05-те шақырылды. Жол апаты салдарынан екі әйел жарақат алды. Біреуінің екі тізесі көгерген. Екіншісінің аяғы сынған. Екеуі де облыстық көпбейінді аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, жол апаты салдарынан көлік кептеліс болды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.