Үкімет 2020 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулы шығарды,– деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді.
«Демалыс күндері: – 2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден 2020 жылғы 3 қаңтар жұмаға; – 2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға; – 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден 2020 жылғы 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылсын»,– делінген Қаулы мәтінінде.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.