Жерлеу қызметінің бағасы қанша?

Жерлеу қызметінің бағасы қанша?

«Табыттың бағасы әрқалай. Мысалы, 30 мың теңгеден 1500 млн теңгеге дейін. Негізі Ресейден алдыртатынымыз бар, Алматыда да арнайы тапсырыспен жасатамыз. Бір табытты жасауға 1-1 жарым ай уақыт кетеді. Қолдан жасалатын болған соң бағасы қымбатқа түседі. Жасыратыны жоқ, материалдарды Қытайдан алдыртамыз, − дейді жерлеу бюросы агенттігінің өкілі».           «Жерлеуге қатысты барлық діни рәсімдерді ұйымдастырамыз. Менде жұмыс істейтін жігіттердің діни білімін жетілдіріп отыру үшін мұсылман және христиан дінінің өкілдерімен кездесіп, барлық жөн-жоралғыларды үйренеміз. Қазір қоғамда адамдардың діни көзқарасы өзгерді. Діни рәсімдерге немқұрайлықпен қарайды. Осы ретте, біз имамдар мен христиан дінінің өкілдерінен үйренгенімізді түсіндіреміз. «Нақты қатып қалған баға жоқ. Адамдардың жағдайына қараймыз. Әлеуметтік осал топтағылар мен атақты, жағдайы жоғары адамдардың жерлеу рәсімі екі түрлі өтеді. Соған сай қолданылатын материалдар мен баға да әрқалай болады. Мысалы, ең төменгі баға 50 мың теңгеден басталып, 1 млн-ға дейін барады. Біз қайтыс болған адамды мәйітханаға апару я болмаса алып кетуден бастап, қабірге салып жерлеуге дейінгі шарашарды ұйымдастырамыз. Оның ішінде көлік мәселесі, географиялық тұрғыда тиімді болатындай жерлейтін жерді анықтау, барлық қажетті материалдарды дайындап әкеліп беру сынды қызметтер бар. Жақыны қайтыс болған адамның базарға баруға да мұршасы жоқ қой. Сондықта адамдар біздің қызметімізді тұрақты пайдаланады», − дейді Іmperial агенттігінің жетекшісі Игорь.           «Көлікке қалаған нөміріңізді сатып аласыз. Әрине ақшаңыз болса. Сол сияқты Мәскеуде, Еуропа елдерінде ақшаға жерлейтін жерді сатып алады. Бұл ешқандай дау туғызбайды. Ақшаңды төледің, қабір қазатын жер сенікі. Осымен шаруа бітті. Ешкім заң бұзған жоқ. Ал бізде бәрі түсініксіз. Адамдар жақындарын жақсы жерге жерлеу үшін таныс-тамыр іздейді. Мен осы салада есімді білгелі жұмыс істеймін. Кезінде әке-шешем де осы іспен айналысқан. Бір түсінгенім, бізде әлі күнге дейін жерлеу рәсімін жүйелендіретін заң қабылданған жоқ. Әркім өзінше білгенін істейді. Көрші Ресейде жерлеу ісіне қатысты арнайы институт құрылған. Онда біз сияқты агенттіктерде жұмыс істегісі келгендер оқиды. Діни рәсімдерді білумен қатар, психилог маман ретінде де қалыптасады. Өйткені, адамның қазасы жақындарының орны толмас қайғысы», − дейді Іmperial агенттігінің жетекшісі Игорь.
«Біздің діни рәсімге қолданатынымыз өзек, қырғыздың барахолка базарындағы матасы. Сапасы жаман емес. Ал табытты Алматыда жасайтын шағын фирмалардан аламыз. Сапасына қарай бағасы. Қымбатын да, арзанын да табуға болады. Ең қымбаты, сапалысы Италиялық қолдан жасалған өнім. Олардың бағасы 1 млн теңгенің үстінде. Кей кезде тегін жерлеу рәсімін өткізіп беретін кездеріміз болады. Мысалы, карантин кезінде жалғыз қалған әжей өзінің күйеуін жерлеуге ақшасы жоқ екенін, жалғыз екенін айтты. Біз тегін ұйымдастырып бердік. Мәйітті басқа қалаға авиа арқылы жібереміз. Поезд, автокөлік арқылы жіберу тиімсіз әрі қолайсыз», − дейді Іmperial агенттігінің жетекшісі Игорь. «Барлығын өзіміз ұйымдастырамыз. Қайтқан адамның туысқандары мешітке барып имамды алып келеді және ас беретін мейрамханамен келіседі. Қалғаны біздің мойынымызда. Біреулер табытты қымбатқа алса, басқа шығындарын біз ұсынған бағадан арзанырақ түрін сұрап жатады. Осыдан бес жыл бұрын біз арқылы құны 5 мың еуро тұратын табытқа Италиядан тапсырыс берген еді. Ол нағыз қызыл ағаштан жасалған. Біздегі боялған табыттардың орташа бағасы 150-180 мыңнан бастап, 700 мыңға дейін барады. Лакталған табыттарды Ресейден алдыртамыз. Оларда өндіріс жақсы дамыған», − дейді «Аист» Діни қызметтер орталығының жетекшісі Жуанханов Мади. «Бірде тапсырыс бершулердің саны артып кетеді. Енді бірде бәсеңдеп қалады. Барлығын дұрыс әрі адал істесең, клиенттер өздері хабарласады. Менің агенттігімде 20-ға жуық адам бар. Оларға діни рәсімдерді дұрыс жасау үшін білгенімді үйретемін. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы өткізетін жиындарға барып білімімізді жетілдіріп тұрамыз. Нұр-Сұлтанда қайтыс болған кісіні Алматыға апарып жерлеу керек болса, бағасы 180 мың теңге. Мәйітті ұшақ арқылы жеткіземіз. Ас беру мәселесі араласпаймыз. Көптеген агенттік ас беру сынды шараларды өз жауапкершіліктеріне алмайды. Өйткені, адамдардың көңілінен шығу қиын. Алматыда ресми тіркелген 30-дан аса діни рәсімдер ұйымдастыратын орталық болса, астанада 15 шамасында», − «Аист» Діни қызметтер орталығының жетекшісі Жуанханов Мади.
Алматыдағы «Ритуал-Элит» агенттігінің өкілі Русланның айтуынша, тек христиан дінінің жерлеу рәсімін ғана емес, мұсылман қауымының да жөн-жоралғыларын жасауға ұсыныс түседі екен.
«Мұсылмандарда негізінен қабірді қазатындар, мәйітті көтеретіндер қайтыс болған адамның туған-туыстары. Кейде қалалы жерде бұндай қызметтерді жасауға бізге өтініш білдіреді. Қазу жұмыстарына, мәйітті көтеруге 4 адам керек. Негізінен мәйітханадан мәйітті алу үшін көлік жалдауға ұсыныс көп түседі. Біздің агенттіктің тұрақты жұмыс істейтін имамы бар. Сол кісіге хабарласамыз. Табыт, кілем, мата сынды барлық діни рәсімге керек-жарақтарды өзіміз дайындаймыз. Барлығының орташа бағасы 150-200 мыңға барады», − дейді Руслан.