Шанхайдағы Пудун халықаралық әуежайында бір қызметкердің коронавирус жұқтыруына байланысты 14 мың адамның әуежайдан шығуына тыйым салынды, - деп хабарлайды Daily Mail. Әуежай басшылығы жүк терминалының қызметкері коронавирус жұқтырғаны расталғаннан соң 14 мың жұмысшысы мен жолаушыларды әуежайға жауып, тексеретін болды.
Жерасты тұрағында зертхана мен тексеру пункті ұйымдастырылып, онда әуежай мен жүк терминалында болған барлық адам коронавирусты анықтауға тест тапсыратын болды. Әзірше коронавирус жұқтырғандар бар-жоғы белгісіз.