Пациенттің коронавирусқа қайта шалдыққанын растау үшін ПЦР-тест нәтижесі екі рет оң болып шығып, тест 1 айлық мерзімнен кейін тапсырылуы тиіс, -деп жазады Science ғылыми журналы.
Голландия денсаулық сақтау және қоршаған орта ұлттық институтының вирусологы Шанталь Рескен екінші тест те оң нәтиже көрсетуі мүмкін екенін айтады. Пациенттің тыныс алу жолдарында екі вирус жұқтыру салдарынан бірінші инфекциядан қалған қалдықтар сақталса немесе коронавирусты әлсіреткенмен толық жоймағандықтан, вирус қайтадан қозады.Ғалымдар алдағы екі айда коронавирусты қайта жұқтырғандар саны артатынын айтуда. Кәдімгі тымау тудыратын төрт коронавирусты қайтадан жұқтыру орта есеппен 12 айдан соң қайталанады. Бұны жақында Амстердам университеті медициналық орталығының вирусологы Ли ван дер Хок басшылығымен зерттеушілер тобы дәлелдеп шықты. Ван дер Хок коронавирусқа қатысты осы заңдылық сақталады деп есептейді.