Нигерияда ер адам алты бірдей жүкті әйелімен бірге досының үйлену тойына келіп, жұрттың назарына ілікті деп жазады golos.ua.
Лагоста Club Uno түнгі клубының қожайыны Майк Эзе-Нвали Нвогу актер досы Уильямс Учебмбаның үйлену тойына 6 жүкті әйелін ертіп келген."Сымбатты Майк" лақап атымен танымал азамат алты әйелінің де өзінен жүкті екенін айтады.
The Sun басылымының мәліметінше, Майк АҚШ-та білім алған. Бір бәйбішесі мен алты тоқалы бар ол досының тойына барғанда түскен суреттерді Instagram парақшасында жариялады.