Әйгілі футболшы Диего Марадонаның дәрігері Леопольдо Лукеге футболшыны абайсызда өлтірді деген айып тағылды, - деп хабарлайды "Р-Спорт".
Дәрігердің үйі мен клиникасында тінту шаралары жүргізіліп, Марадонаның ауруына байланысты құжаттар тәркіленіп алынды. Тергеу науқасқа лайықты назар аудармау және жұмысына салақтық таныту дерегі бойынша жүргізілуде. Еске сала кетейік, бұған дейін Марадонаның 25 қарашада 60 жасында қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.