Дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников әлемді өлім-жітімі көп болатын жаңа эпидемия күтіп тұрғанын айтты. Бұл туралы ол Telegram-арнасында жазды.
Доктор әлем коронавирус секілді эпидемияға дайын емес екенін айтты. Атап айтқанда, олармен күресу үшін бірегей вакцина жоқ.Мясниковтің айтуынша, адамзат баласына құс немесе шошқа тұмауының қаупі төніп тұр.«Егер өлім-жітім көрсеткіші 35-40 процент вирус келетін болса, вакцина пайда болғанша ондаған миллион адам көз жұмады. Мен қазіргі уақытта ғалымдар күшін осындай вакцинаға жұмылдыру керектігін айтып отырмын! Ақша-қаражат, құралдармен қамтамасыз ету керек», — дейді дәрігер.
«Вирусологтар айтқандай, қауіпті эпидемия бізден бірнеше қадамда жатыр! Қытайда құстар мен шошқадан тараған вирустың өзгеріске ұшыраған түрі үнемі тіркеледі!» — дейді маман.