Шығыс Қазақстанда ерлі-зайыпты тірідей өртеніп кетті

Шығыс Қазақстанда ерлі-зайыпты тірідей өртеніп кетті

Өртенген үйден өрт сөндірушілер 1948 жылы туған ерлі-зайыптының мәйітін алып шықты.

Аймақтағы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт жалпы 70 шаршы метрді аумақты шарпыған. Алдын ала белгілі болғандай, өртке сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін. Белоусовка елді мекеніндегі Мир көшесінде орналасқан жеке үйден өрт шыққаны туралы таңертең белгілі болған. Өрт сөндірушілер келгенде үйдің шатыры, жиһаз, тұрмыстық техникалар жанып жатқан. Өртеніп жатқан үйден құтқарушылар 1948 жылы туған ер адам мен оның өзімен жасты әйелінің мәйітін тапты.

Құтқарушылар үйден екі газ баллонын алып шыққан. Өртті жеке құрамның 9 адамы мен бес арнайы техника сөндірді. Жалын 70 шаршы метрді аумақты шарпыған.